№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жақсыкүл Алдамжарова | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Асыл анам, өзім үшін қымбатсың,
Бүгін балаң о дүниеден үн қатсын.
Түн ұйқыңды мына маған төрт бөліп,
Есейгенше әлди әнін тыңдаттың.
Мені баптап мәпеледің өсірдің.
Кешіре алсаң, кешір мені, кешіргін.
Жол апаты алып кетті келмеске,
Сенім артқан үмітіңді өшірдім.
Күтпеген жайт қасіретке орады,
Ажарыңнан шаттығыңды тонады.
Бұл – тағдырдың жазылғаны маңдайға,
Балаң енді бақилықтың қонағы.
Жаным анам, жараладым жаныңды,
Төге берме көз жасың мен зарыңды...
Мен кетсем де, бауырларым қалды ғой,
Жырақ кетпей, жасап жүрер қамыңды...
Анашым-ау, сіз күлсеңіз күлемін,
Сізбен бірге менің сәби жүрегім!
Қасіреттен жасқа толса жанарың,
Мен бұл жақта қалай өмір сүремін?!
Білем ана, перзентіңді қимайсың,
Естеліктің бәрін көзге жинайсың.
Күні бойы ел қатарлы жүргенмен,
Түні бойы жер әлемге симайсың.
Жан анашым, ауырмасын жүрегің,
Бола алмадым бұл жалғанда тірегің!
Мұңға батып, мені ойлап езілме,
Әркез сенің жүрегіңде жүремін.
Еш пайда жоқ жылағаннан жабыға,
Қайғырмашы қапа болып, қамыға.
Бауырларым, Сізге ғана аманат,
Жыламашы, айтам тағы, тағы да!
Тоғыз тарлан аңыз болып қалғаны,
Алла біздің басымызға салғаны.
Кеш анашым, кеш бауырлар, кеш достар!
Кешіріңдер, артымда із қалмады!
Таппай жүріп жүрегіңнің бір емін,
Ана, Сізден Құран ғана тіледім.
Рухым сонда, көкте менің, жай тауып,
Сіз тілеген жұмақ бақта жүремін!
Бұл айтқаным, жылату емес, жұбату,
Аман-есен болыңдаршы, ей халқым!