№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Әбді-Назар Темірғалиұлы |
Ойламайсың сен мені, ойламайсың,
Тереңіне жанымның бойламайсың.
Жалғызсырап, сені аңсап, алаңдаумен,
Жүргенімді жабырқап, ойлағайсың!
Қайырмасы:
Іздемейсің, сен мені іздемейсің,
Біліп жүрсің барлығын, үндемейсің.
Келер ме деп, жолыңа қарайлаумен,
Күткенімді сарғайып, сен білгейсің.
Сағынбайсың сен мені, сағынбайсың,
Алдамшы бір алдағы сағымдайсың.
Сөніп бара жатқанда жел үрлеген,
Әлсіз ғана жанатын жалындайсың.
Қайырмасы
Жүрегінің жалыны жарып іштен,
Шоқ түскендей ояндым қалың түстен.
Тұмар қылып атыңды сақтап жүрмін,
Ойла мені, іздеші, сағынышпен!
Қайырмасы