№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ардақ Игенова | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Қандай ғажап, сыр тұнған көңілдері,
Әппақ қардай ақ ниет пейілдері.
Келтіретін сән-көркің, келген жердің,
Алғыс алған қазақтың келіндері.
Қайырмасы:
Тату болса абысын, ас көп деген,
Осы мақал, не деген өзі көркем.
Абысын мен ажындар сыйластығын,
Қазақ халқы дәріптеп жүрсе дер ем!
Салтын ұстап,дәстүрін білетұғын,
Бар шаруаға білегін түретұғын.
Шаңырақты шаттыққа бөлеп әр кез,
Құрбылардай, күлімдеп жүретұғын.
Қайырмасы
Абысындар әулеттің берекесі,
Алтынменен керілген керегесі.
Тектілікпен бірлікті нығайтқан соң,
Өсіп ұрпақ көркейген ел іргесі.
Қайырмасы