№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Омархан Алтынбек |
Үзілді үміт, кесілді менің тілегім,
Оралмас қайта, оны да, жақсы білемін.
Бәрі де бітті, кім тыңдар менің мұңымды,
Қуанам қазір, тоқтаса тіпті жүрегім
Қайырмасы:
Көрмесе көзім, қалайша ойнап, күлемін?
Білмеймін оны қаншалық өмір сүремін?!
Не үшін мені аяқтан шала береді,
Болмағаны ма өмірге менің керегім?
Шыдамым бітті, әрі қарай төзуге,
Кезбе тағдыр соңымнан қалмай кезуде,
Керектің бәрін, ей қатал тағдыр, алдың ғой,
Жетпегені енді, беу дүние-ай, енді көзім бе?
Қайырмасы