MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ұрпақ үшін ұялдым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ұрпақ үшін ұялдым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Омархан Алтынбек
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Бееееееу, жастар ай!

 

Хабар көріп жатқам теледидардан,

Сұрақ-жауап  алып жатты ұлдардан.

Жүргізуші: - Айтыңдаршы жігіттер,

Абай жолы романын кім жазған?

– Жабаев, – деп жауап берді қиналмай,

– Мақатаев, – деді бірі, ұялмай.

Естігенде бұл жастардың жауабын,

Есеңгіреп қалдым есті жыя алмай!

 

Қайырмасы:

Дей алмаймын мына өмірден, сый алдым,

Өз ұрпағын, жамандыққа қияр кім?

Ертең елді басқаратын ұлдардың,

Бүгін берген жауабынан ұялдым!

 

Жетегінде кетті ме екен, қиялдың,

Қалай ғана жамандыққа қиярмын?

Поэзия пайғамбары Абайды,

Білмегендер үшін қатты ұялдым!

Кінəлаймыз, біздер кеңес уақытын,

Абай жолы болған сонда жақұтым!

Сол кездегі құштарлығы жастардың,

Тек білімнен іздеп тапқан, бақытын!

 

Қайырмасы

 

Білімділік талайларды құтқарды,

Сол біліммен, шың басына шыққан-ды!

Ұят болды-ау, білмегені жастардың,

Абай жолын жазған, ұлы Мұхтарды!

Кінəлі кім, заман ба, əлде қоғам ба?

Компьютермен білім берген адамға!

Салт-дəстүрін, өз тарихын білмейтін,

Айналдырдық, сол ұрпақты наданға!

Жəне біздер кінə артамыз заманға?!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика