№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Демеген Оразов | |||
2. | Жүсіпбек Тілеубергенов | |||
3. | Марита Қабижанқызы |
Құрамы бар алуан ұлттар тұратын,
Кең пейілмен досқа көңіл бұратын.
Қонақ келсе, сән салтанат құратын,
Айналайын, достығы мол халқымнан!
Қайырмасы:
Тең қараған барлық ұлтқа пәк жүрек,
Бір Алладан ел, жұртына бақ тілеп,
Достық, бірлік, бәрінде де ақ тілек,
Қарақалпақ деген халқым бар менің!
Бәрі ағайын, қазақ, өзбек, қырғызым,
Қарақалпақ жанған жарық жұлдызың!
Бейбіт күнде өсіп өнген ұл-қызың,
Айналайын, бірлігі бар халқымнан!
Қайырмасы
Түрік, Тәжік құшақтасып көріскен,
Сыйлас жандар, туыстардай өбіскен.
Құрдастардай әзілдесер тең өскен.
Айналайын әзілі бар халқымнан!
Қайырмасы
Иманменен инабатты ар сақтап,
Ақ, қарасын бұл өмірдің салмақтап.
Өз Отанын құрметтеген ардақтап,
Айналайын ынтымақты халқымнан!
Қайырмасы