MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Тоғыспаған тағдырлар
Әннің атауы
Әннің атауы:
Тоғыспаған тағдырлар
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Кемпір:

Тыңдап тұрмын, Алло! Ия! Кім едің?

 

Шал: Саламат па? Мазалаған мен едім.

 

Кемпір:

Танымадым, жайыңды өзің айтпасаң,

Беймәлімдеу маған сенің дерегің.

 

Шал:

Сүйіп қалған жас шақта жайдарлымсың,

Ұмытқам жоқ, әлі де байқармысың,

Көп жігіттің бірімін ғашық болған,

Сендей сұлу, сырымды қайдан білсін?

 

Кемпір:

Сені енді таныдым замандасым,

Жан едің ғой мен үшін бағаң басым.

Білім ал деп, ата-анам жіберген соң,

Көңіл қалай жігітке алаңдасын?!

 

Шал:

Жар етуге өзіңді үміттенгем,

Бағым ау деп ойлағам күліп келген.

Қызғанып та жүрдім мен иемденіп,

Саған ғашық боп жүрген жігіттерден.

 

Кемпір:

Жастық шақты уақыт үптей кетті,

Көп оқумен мақсатқа діттей жеттім.

Махаббатқа тұрақты бола алмадың,

Бітіргенше оқуды күтпей кеттің.

 

Шал:

Айтқаныңның бәрі рас, білем, шыным,

Іңкәр болған сыртыңнан тілекшіңмін.

Тәкәппар ең, сұлу ең, өжет едің,

Қоя ма деп менсінбей жүрексіндім.

 

Кемпір:

Қайтем енді ол заман басқа болды,

Білім қуып таңдадым қасқа жолды.

Сен ұнатқан ару қыз сүйтіп жүріп,

Отыз деген бір белес жасқа толды.

 

Шал:

Білім қуып сен жүрдің алыс жақта,

Жүрегіміз ұнатып таныссақ та.

Жан-жағым да, үйлен деп қоймаған соң,

Бір сұлумен бекіндім табыспаққа.

 

Кемпір:

Мен де жерде қалмадым, тұрмыс құрдым,

Мамандығым бойынша жұмыс қылдым.

Бойымдағы дарыным ән мен жырым,

Талабымнан жаныма ырыс тұнды.

 

Шал:

Біліп жүрдім сыртыңнан хәлдеріңді,

Ұл мен қызың кіргізген сәндеріңді.

Тыңдап жүрмін сүйсініп желідегі,

Ел ішіне тараған әндеріңді.

 

Кемпір:

Тағдырларды бір Алла шешті тосын,

Екі бөлек өмірді кештік сосын.

Болғаныңа  тілекші, ризамын мен,

Ниетіңе мың алғыс, ескі досым.

 

Шал:

Жан-дүнием серпілді өлеңіңнен,

Әндеріңмен шаттыққа бөлендім мен.

Қартайсақ та жастық шақ ұмытылмас,

Көз алдымда баяғы көркем бейнең!

 

Кемпір:

Өміріміз алдағы жақсы болсын,

Қайда жүрсең аман бол, ескі досым!...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика