№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Келін болып аттарсың босағадан,
Жан жоқ шығар көңілі босамаған.
Шымылдығың күтуде сені қалқам,
Жаңа өмір өзіңді, тосады алдан!
Құтты болсын қадамың, әппақ келін,
Бақытына баласын, барған жерің.
Жан жарың мен бақытты өмір сүріп,
Алғысына бөленгін үлкендердің!
Қайырмасы:
Шымылдығың, бейнеңді жасыруда,
Үлкен-кіші, көруге асығуда.
Жанашырың, тілекшің барлығы да,
Жақсылығын дайын жүр, асыруға!
Жаңа өмірің, басталды біле-білсең,
Саған қыздар еліктер, түсінші, сен!
Жас келінге сыншы көп, сөз қылады,
Телефонға беймезгіл көп үңілсең!
Қуаныштың көз жасы болсын сенде,
Балдай батып, судай сің барған жерде.
Шаңырақтан шықтың сен, тәрбиелі,
Нұр шашып жүр қарағым, барған жерге!
Қайырмасы