№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Шәмші Қалдаяқов |
Бантик таққан, балауса бала кезден,
Әндеріңді сүюші ем дала кезген.
Радиодан шырқалса, сазды әуенің,
Төгілетін шаттық нұр екі көзден!
Жылдар өтті зымырап, зыр ағылған,
Сусындадым әніңнің бұлағынан.
Жастық шақта жаттаған вальстердің,
Өшкен емес әуезі құлағымнан.
Ыждаһатпен жазып ап ақ параққа,
Жаңа шыққан әнді айттым, ылғи жатқа.
Шырқаушы ек, той думан, мерекеде,
Даңқың шықты, Шәмші аға, шартарапқа.
Жетпіс жасқа жеткізді жылдар өткен,
Бір құдірет жеткендей заңғар көктен.
Естен мәңгі кетпейді ұлы сазгер,
Түсіме еніп, анықтап жол көрсеткен.
Көп кітапты, түсімде, оқып болып,
Қандай кітап алсам деп тұрдым шолып.
Мен және сен, деген кітап ал, дедің де,
Кеттің көзден Шәмші аға ғайып болып.
Ояндым да, ұйқыдан ойға баттым,
Жауабын таба алмадым ой жұмбақтың.
Адамдардан түс жайлі сұрап көрдім,
Тылсым сырдың күшіне бойламақ кім?
Ән жаз! - деді қарағым өлеңіңе,
Жол нұсқапты Шәмші ағаң өнеріңе,
- Деді бір күн жасы үлкен аға буын,
Сазгер түске, жайдан-жай енеді ме?
Содан бері айналды ән егізіме,
Сүңгіп кеттім қорықпай теңізіне.
Құштарлығым күн санап арта берді,
Тез таралды әндерім ел ішіне.
Түсімдегі оқиға ой салды көп,
Шабытымда өрістеп жайқалды бек.
Мен қуандым ән жазу қабілетім,
Батадан соң, сіз берген байқалды, деп.
Әндер жаздым түнде көз ілмесем де,
Вальс, маршты түсініп жүрмесем де.
Әруағың қолдап жүр, аға мені,
Ән жазудың қыр-сырын білмесем де.
Ұлы сазгер вальстің патшасы – Сіз,
Орындалып жатқандай мақсатыңыз.
Риза болсын, рухың, Шәмші аға,
Ұмытылмас халқыңда, жақсы атыңыз!