MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Аққу бағы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айзада Бекенқызы
2.Құралай Төлебекова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Жастығымның, естелігі, тартуы,

Саябақта көл бар еді аққулы,

Ғашықтардың табысатын жері бұл,

Қос жүректің лүпілінің гәккуі.

 

Қайырмасы:

Келуші едік қол ұстасып, сол баққа,

Серттесіп ек, енді бірге болмаққа

Қатар жүзген аққуларға қызығып,

Қараушы едік көз айырмай сол жаққа.

 

Қоңыр күзде, бір жүрместі түсіндік,

Айдынында көрінбейді тіршілік.

Егіз аққу жүзген еді сол көлде,

Сағымы қап елестейді үнсіздік.

 

Қайырмасы

 

Көрсем деген оянғанда тағы үміт,

Көлге келдім қос аққуды сағынып.

Кетіпті олар қонақтамай айдынға,

Қала бердім,мұңнан моншақ тағынып.

 

Қайырмасы

 

Ұмытпадым, қанша жылдар өткенмен,

Сағынады естелігін от кеудем,

Құлазыған көңілімді жұбатып,

Қайта оралшы жадыраған көктеммен.

 

Қайырмасы

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика