MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Бақ тіледім, батырым
Әннің атауы
Әннің атауы:
Бақ тіледім, батырым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айзада Бекенқызы
2.Гүлжан Сағидулла
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Өмірге сен келді деп,

Ет жүрегім елжіреп.

Қуанып ем ерекше,

Құдай өзі берді деп.

Балдан тәтті құлыным,

Әлемде жоқ тұнығым.

Жадыратар жанымды,

Әрбір сенің қылығың.

 

Қайырмасы:

Тәй-тәй басшы ақырын,

Алда талай шақырым.

Тұсауыңды кесейік,

Жүрші алға батырым!

 

Қарашығы көзімнің,

Шырын-балы сөзімнің.

Бір өзіңсің оятқан,

Нәзік қылын сезімнің.

Бейбіт болсын заманың,

Берік болсын қамалың.

Біліп өсші қадірін,

Байтақ Ұлы далаңның.

 

Қайырмасы

 

Жыр өргізген жүректен,

Алып шығар түнектен.

Ақ жүзіңнен айналдым,

Сезіміме гүл еккен.

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Бұл бір асу, ақылдым

Тілейтіні апаңның –

Ұлы боп өс халқыңның.

 

Қайырмасы

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика