№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Баян Тіленшина |
Жерұйық іздеп екеуміз,
Көктем, күз көшкен екенбіз.
Таңбалы тастан хат танып,
Түбі бір Түркі екенбіз.
Қайырмасы:
Домбыра, қобыз күйледім,
Бүрмелі етек көйлегім.
Қыз қуу, бәйге, көкпар деп,
Қазақ пен қырғыз, той бердік-ай,
А-а-ай той бердік.
Айналдым бауырларымнан!
Бір туған тау ұлдарымнан!
Ақ қалпақ берген атамыз,
Ақ киіз ауылдарынан.
Қайырмасы
Баулас қазақ, қырғызым,
Мен-дағы сенің бір қызың.
Ұмай анамнан кимешек,
Қорқыттан жыр боп жүрмісің?
Қайырмасы