MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Көгершін, билей түс
Әннің атауы
Әннің атауы:
Көгершін, билей түс
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№17, 30 қазан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айзада Бекенқызы
2.Мағираш Тұрсынова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Биле, биле, ақ көгершін, айналып,

Қара торда қалмағайсың, байланып.

Көкте самға, ақ жүректі, пәк құсым!

Айналаны жібердің-ау, жайнатып!

 

Қайырмасы:

Биле, биле, ақ көгершін, аспанда!

Мен биіңе қарап тұрмын тамсана!

Көк жүзінде қаймықпастан, самғай бер!

Әппақ құсым, ештеңеден жасқанба!

 

Көгершінім,билей түсші, көгімде,

Көңілім бір көтерілсін, менің де!

Қандай сұлу, әппақ нәзік құс едің!

Мен тамсана қарай берем, өзіңе!

 

Қайырмасы

 

Шыр айналған биің қандай әдемі!

Жүрегімнің жібіттің ғой, әлемін!

Қолыма қон, бейбіт күннің ақ құсы,

Мен өзіңе тәп-тәтті дән берейін!

 

Қайырмасы

 

Биіңменен көгімде күн ойнады!

Жаздай болып, жүрегімде жайнады!

Қолға қонған көгершінім өзімнің,

Лүпілдеген жүрегіңнен айналдым!

 

Қайырмасы

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика