№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Алтынай Рысбекқызы |
Ақ көйлегің тал бойыңда жарасқан,
Әппақ жүзің, көктегі аймен таласқан.
Бақытты бол жарығым, бақытты бол,
Құтты болсын босағаң, жаңа ашқан.
Қайырмасы:
Ақ неке күтіп тұр ақ адалым,
Ақ шымылдық, ақ отау жағар шамын.
Ұзатып өз қолыңнан ұшырайын,
Бар жақының, тілекші саған жаным!
Ақ адал адамның махаббатын,
Тілеймін өзініңе балапаным.
Ата-енең алдынанан кесіп өтпе,
Бұл менің аналық аманатым.
Қайырмасы
Ақ жаулығың болады ар-ұятың
Әйелге парыз деген шариғаттың.
Сен де ана бол – аналық ақ тілегім,
Заңы бұл бұзылмас табиғаттың.
Қайырмасы
Ақ бата, асыңнан арылмасын,
Жұбыңменен мерейің арындасын.
Қырықтың біреуі қыдыр - деген,
Қонаққа еш пейілің тарылмасын.
Қайырмасы