№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Дәмегүл Үмбетқызы |
Мен әйелмін, пендесімін Тәңірдің,
Бар қасиет садағасы арымның.
Мен әйелмін өзгешелеу әлемі,
Кейіпкері бақыт дейтін жанрдың.
Қайырмасы:
Мен әйелмін, елестетер бұлақты,
Сабырымен көтерер сан сынақты.
Қылығымен тамсандырып әлемді,
Отбасынан, отбасынан табатұғын жұмақты...
Мен әйелмін жымиғаны әдемі,
Әдеміден бар тіршілік дәмелі.
Мен әйелмін гүл жайнатар маңайын,
Айналамның түзу болса сәлемі.
Қайырмасы
Мен әйелмін, қуанышпын, қайғымын
Нұрландырар махаббаттың айдынын.
Ұл мен қызын бақытына балаумен,
Жан жарының көтеретін айбынын.
Қайырмасы
Кейіпкері бақыт дейтін жанрдың.