№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Қасым Тұрсынқанұлы |
Сыр шертіп көңілімнің көк құрағы,
Айдыны көк көлімнің көп тұнады.
Аралап бала кездің базарын бал,
Мен сені тағы көргім кеп тұрады.
Қайырмасы:
Көк бұлағы, көк шынары, дәриға-ай.
Өткен күннің жоқ сұрағы.
Көк бұлағы, көк шынары, дәриға-ай.
Мен сені тағы көргім кеп тұрады.
Есімде ауылымның көк бұлағы,
Қызықты шақтың сонда өтті бәрі.
Гүл теріп көбелегін бірге қуған,
Бір көргім қара қызды кеп тұрады,
Қайырмасы
Тербеліп самал желмен көк шынары,
Сезімге мен куамын деп тұрады.
Қауышқан аймаласып бала қызды,
Сол қалпы тағы көргім кеп тұрады.
Қайырмасы