№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Баян Амангелдіқызы |
Ол сондай жақсы адам бәріне ұнайды,
Жүрегі күлкіден жаралған шырайлы.
Көмегін сұрасаң ойланып тұрмайды,
Қолынан келсе егер әперер күн-айды.
Қайырмасы:
Жүзінде жылу бар ерекше күлетін,
Қамқоршым, тірегім, бағым деп жүремін.
Жаныма жақыным, бір көріп таныдым,
Осындай жарым бар, мен мәңгі сүйетін.
Баянды бағыма сыңар боп кезіккен,
Сүйгенім бір өзің жүректі еріткен.
Мендегі – жыр сезім, сендегі – мейірім,
Махаббат мәңгілік сүйген соң жүрекпен.
Қайырмасы
Болмысы – қазына, тең келер асылға,
Әдемі әзілмен нұр шашқан жаныма.
Кең пейіл, мәрт жігіт жақсылық жасаған,
Қолынан іс келер, сүйгенім жақсы адам.
Қайырмасы