№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Алтынай Рысбекқызы |
Үнсіздікте, бір сыр бар тұмшаланған,
Үзесің бе? Үзіле ме? Моншақ арман
Үнсіз, тілсіз қалғаның, қиын маған,
Деші одан да, бір жола, көңілім қалған...
Қайырмасы:
Селт етпей-ақ көңілімді құлатасың,
Жырып жатыр, жүректі жыра тасың.
Ұнатасың, білемін, ұнатасың
Сөйте тұра, неменеге жылатасың?
Үндемесең, үндеме, үндемеймін,
Үмітімді сабалап, жүндемеймін.
Бір долданып алам да, күле салам,
Үнсіздікті жеңетін күнге дейін...
Қайырмасы