№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Тұмартай Дінтайұлы |
Түркілер – азат елміз, еркін елміз,
Біз – қазақ, Атажұртта, төркін елміз.
Бұл ұран Күлтегіннен бастау алған,
Ал қазір естіледі...
Елорда – Астанадан,
Елорда – Астанадан!
Кайырмасы:
Түркі жұртым, бауырларым,
Қарындасым, қауымдарым.
Көңілді бөлсем деймін,
Армандап, көрсем деймін,
Дос көріп бір-біріне ағылғанын.
Қырғыз бен қарақалпақ, өзбектерім,
Болмас па бірігуді тездеткенің.
Түркімен, әзірбайжан, түріктерім,
Келсеңдер құшағыма
Күліп келгін,
Күліп келгін!
Кайырмасы
Башқұртым, гагауызым, қарашайым,
Туыс боп, ағайын боп жарасайын.
Татарым, адыгейім, ноғайларым,
Якут пен саханы іздеп
Әлемге қарайладым,
Әлемді он айналдым!
Кайырмасы