№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Абдулмахмуд Пошатаев | |||
2. | Айзада Бекенқызы |
Алатау мен Қазығұрттың баурайы,
Туған жерім өзіңе ән арнайын.
Төлебидің төрелігі төрге озсын,
Бабалардың рухы қолдап, әрдайым.
Қайырмасы:
Нұрға бөлеп көңілдің жан сарайын.
Гүлге толсын ағайын, дос маңайың.
Татулықтың туын жықпай жүрейік,
Төлебидің туын ұстап ағайын.
Рухтандырып әр қазақтың ұланын,
Төртеу түгел болсын - дейді ұраның.
Ұлдарыңа еншілеген төскейің,
Ұрпағыңа сыйлап кеткен жұмағың.
Қайырмасы
Қасиетті сөздеріңді жаттап ап,
Елді сүйіп, елді жырлап бақ табам.
Төлебидей төбе бидің мекені,
Төлебиде туғаныма мақтанам.
Қайырмасы