№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Мағираш Тұрсынова |
- Сізді ұнаттым,– дейсіз бе? Қалай, қалай..,
Айттыңыз ба, әлде, сіз абайламай?
Бұл қандай сезім екен, ойлап тұрдым,
Бір көргеннен ғашық боп, жанған оңай?
Қайырмасы:
Ұнаттым дейсіз, мені, шынымен бе?
Мінезім үйлеспейді-ау, сізге мүлде!
Теңейсіз, адамзаттың асылына,
Теңейсіз, аспандағы ай мен күнге!
Ия, солай.., өмір, шіркін, кереғар тым,
Мен өзгеден сіз айтқан сөзді күттім!
Сіз теңеген ай мен күн бұл күндері,
Қабағына қарайды, бір жігіттің!
Қайырмасы
Ауыспалы ғұмыр-ай, тәтті неткен!?
Біреуді біреу кетер, түсінбестен!
Мен туралы ойлай ма, ол да кейде,
Қалдым ба, еске түспей, ұмыт, мүлдем!?
Қайырмасы
Сізді ұнаттым демеңіз, айта көрме,
Мендік көңіл, біреуде, басқа күнде!
Мендік жүрек тоқтайды, мәңгілікке,
Мен сүйген жан жер басып, жүрген жерде!
Қайырмасы