№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мақсұтқан Баркөл-Дәлейұлы | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Құс келді Алатауыма,
Талдырып қанат жайықтан.
Салайын алақаныма,
Бұйырған бақты ғайыптан.
Көксеткен арман көктемін,
Болсын ба шегі сезімнің?!
Төлеген ғашық өлкенің,
Сыйлаған әні өзіңсің!
Қайырмасы:
Көркем гүл мүсін,
Ерке жыр құсым .
Неткен нұрлысың!
Жайықтың қызы!
Ән әлемімсің,
Жән әлегімсің.
Сен әдемімсің.
Жайықтың қызы!
Мұндалар Жайық алабын,
Мейрімге толы жанарың.
Көркіңнен гүлін көремін,
Қызжібек туған даланың.
Ғашықтың бәрі жетпеген,
Қызжібек – арман, бұл – арман
Сезімге сыр боп көктеген,
Недеген көркем қыз арман!?
Қайырмасы