№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мейрамбай Бектасов | |||
2. | Шаяхмет Құсайынұлы |
Ағаларың бар кезде,
Сүйенетін тауың да.
Ағадан іні әлденсе,
Рахат табар жаның да.
Қайырмасы:
Іні мен аға бір жүрсе,
Ынтымақ беріп біріксе.
Аға ақылын ол сіңдірсе,
Сөзге құлақ ілдірсе.
Іні мен аға бір жүрсе,
Ынтымақ беріп біріксе.
Аға ақылын ол сіңдірсе,
Сөзге құлақ ілдірсе.
Ол кезде бәрі болады.
Ағаларың бар кезде,
Сыйға бөлер оны да.
Аға іні тең жүрсе,
Жеңіледі жауың да.
Қайырмасы
Ағаларың бар кезде,
Қауқарыңда бар қолда.
Іні ағадан әлденсе,
Жібітер көңіл тоңын да.
Қайырмасы