№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мейрамбай Бектасов | |||
2. | Шаяхмет Құсайынұлы |
Сағынышым басылмай кеудемдегі,
Басқа жанға өзіңді теңгермедім.
Көз алдымда тұрасың елес болып,
Сол баяғы жас күнің көргендегі.
Қайырмасы:
Асылым да менің, жас күнім де едің,
Таңғы шықтай мөлдірімсің – сен,
Ардақты жаным, ғашығым сәнім,
Алыстап кеттің сен мүлде.
Жүрек сырын шығардым жаным ән ғып,
Сен жүрсіңбе сағынбастан сән құрып.
Сөнбейтін күндей болып жүрегімде,
Алғашқы махаббатым мәңгі менің.
Қайырмасы
Күндер өтті, жылдар кетті ойлауменен,
Кездестім талай небір сұлулармен.
Бірақ саған жетпейді өмірімде,
Солай кезім өтерме сағынышпен.
Қайырмасы