№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Даубай Әбдісаев | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Былғанып жанымыздың қалғаны анық,
Қолымызды жатырмыз қанға малып.
Күнәмізден арылып қайтайықшы,
Қайтайықшы бауырлар тауға барып.
Қайырмасы:
Жаратылған жандар ғой ардан бәрі,
Болған еді халыққа қорған бәрі.
Тәу етіп қайтайықшы құран оқып,
Тірлікте мұң тыңдайтын жан қалмады.
Жаныңды жылататын жырлағанда,
Қуанатын көз жасың құрғағанда.
Мұң шағып қайтайықшы тауға барып,
Тау тұлғалы тарлан боз тұлғаларға.
Қайырмасы
Ол жаққа бұрылмайды жолдар бөтен,
Жолдар жоқ олар жүрген жолдарға тең.
Халық үшін қайтайық мінәжәт қып,
Ниетіміз қабыл боп қолдар мекен.
Қайырмасы