№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Сәкен Шынымов |
Сені ойласам көз ілмеймін түнімде,
Ғашық жүрек ынтығады өзіңе,
Бір көрмесем сағынамын.
Тағдырыма бағынамын,
Ойлай, ойлай түсімде де, өңімде.
Қайырмасы:
Ғашықпын, ғашықпын,
Өзіңе асықпын.
Көрмесем бір сәтке,
Зарыға жасықтым.
Іздеймін ғашығым,
Қол созшы асылым.
Өзіңмен кездескен,
Арайлы шаттығым.
Сені аңсаған төзім барма жанымда,
Өзің едің бақытым да, бағым да.
Бір өзіңсің асыл әнім,
Тек өзіңе асығамын,
Өтінемін айналмашы сағымға.
Қайырмасы
Қанша жылдар өтседағы арада,
Сенің бейнең кетпейді ғой санадан.
Қол бұлғаймын, алаңдаймын,
Келе ме деп қарайлаймын,
Сөндірмеші махабаттың алауын.
Қайырмасы