№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Бекенова | |||
2. | Асқар Дүйсенбі |
Білмеймін... өңім бе, түсім бе,
Тұрасың сағымдар ішінде.
Жоқ әлде мендегі махаббат,
Тек сені сағынуым үшін бе?
Жаралған жан арман ардағым,
Сені іздеп шарқ ұрдым, шарладым.
Толқытқан жанымды мөп-мөлдір,
Дәл мұндай бұл дүниеде бар ма мұң?
Қайырмасы:
Жүректе сен еркіне сол бір бағынбай,
Жүрсің-ау сен ақ күміс лағылдай.
Жеткізбей ме созсақ қол, қоссақ жол,
Кешерміз елес ғұмыр сағымдай.
Құралған қиялдан, елестен,
Жанбысың, ән құсым сен ескен.
Табармын, таппаспын өзіңді,
Ардағым, шығарма тек мені естен.
Қайырмасы