| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ажар Садықова | |||
| 2. | Роза Есенгелдиева | |||
Сүйеді екем, ессіз ғашық екенмін,
Сағыныштан тұмшалайды шекер мұң.
Бір болуды жазбасада Тәңірім,
Сені ғана, сені аңсаумен өтермін.
Қайырмасы:
Сезіміңнен таптым тәтті жарасым,
Бұған сірә болмас енді таласым.
Қоңыр үнің елжіретіп жанымды,
Отқа айналдым, шоқ боп үрлеп барасың.
Дейсің маған жер бетінде жоқ теңің,
Ал сен маған – тынысымсың, оттегім.
Жанды өртеп, ұйқыны ұрлап кететін,
Біз білеміз жанбайтынын от тегін.
Қайырмасы
Сенің ыстық жүрегіңе қамалдым,
Сол жүректе бар бақыты ғаламның,
Маған деген ықыласың арқылы,
Сан жұлдыздан жұлдызымды таба алдым.
Қайырмасы