№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Елубай Әуезов | |||
2. | Мейрамбай Бектасов |
Айналды ғой, айдынға шағын көлім,
Тағдырыма кезіккен бағым ба едің?
Айтылғанда шынайы жалықтырмас,
Қандай ыстық сөз жаным менің.
Қайырмасы:
Пәк сезімді жүрекке жанға күш қып,
Бірімізге біріміз самғай ұштық.
Сөз қадірі қалмады деген бекер,
Жаным менің деген сөз қандай ыстық.
Жүректен сөз арналмай бағытталмай,
Тамсана да алмайсың қағып таңдай.
Бар пейілмен елжіреп еріп тұрып,
Жаным менің деп айту бақыт қандай.
Қайырмасы
Талай іске сеземін ебім барын,
Бұл кеудеде өшті ғой небір жалын.
Жаным менің дейсің ғой үздіккенде,
Ал мен саған дейінші менің жаным.
Қайырмасы