MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Көк байрақ
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№18, 13 қараша 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Еркін Оралбайұлы
2.Роза Есенгелдиева
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Көк байрақ тұрсын биікте,

Желбіреп бұлтқа тиіп те.

Көк байрақ ұлттың жүрегі,

Ұстайық оны биікте.

 

Көк байрақ – қазақ намысы,

Қадірлеп ұстап бар кісі.

Бәрінен кымбат өз туым,

Болса да тулар сан түсті.

 

Көк байрақ қазақ тірегі,

Отан деп соқса жүрегі.

Биікте тұрсын көк туым,

Қазақтың тілер тілегі.

 

Көк байрақ көкте желбіре,

Қуантып мені, елді де.

Байрақты құрмет тұтайық,

Кең байтақ жатқан жерді де.

 

Көк байрақ үшін жан пида,

Желбіреп көкте шалқиды.

Құлатпай ұста көк туды,

Болса да заман әрқилы.

Ән нотасы
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика