№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жолдыбай Мұзаппаров | |||
2. | Роза Есенгелдиева |
Мөлтілдеп көзің,
Сағыныш қысып жаныңды,
Жасыра алмай
Сығасың кермек жасыңды.
Ішің де өрт боп,
Түтігіп әрең жүрмісің,
Дерт басып, толқып,
Толқындай іздеп жағаңды?!
Іштей бір қимас,
Тылсым күш тырнап мазаны,
Жоғалту қиын
Жүректі жұбат азалы.
Көнеріп күндер
Қабарып көңіл шер басқан,
Билеген бәлкім,
Безбүйрек құлық жазалы?!
Көңіл де еріп,
Кететін тым тез қамықты,
Өткенді естіп
Оралмас жайға жабықты
Кінәлі жан жоқ
Жазмыш та, озмыш коктен! – деп,
Кер мінез өр де,
Жаушыдай жеріп тарықты?!
Үмітің үптеп,
Жігерді жанып жұбатты,
Жүрсе де жырақ
Сүйгенді сансыз сұратты.
Мәңгілік мән ғой,
Ғашықтық сүю махаббат!
Санаңа сіңіп
Еселер шексіз куатты.
Өмірде барың,
Ұштаған сенім тұрақты.