MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Достар
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№19, 10 желтоқсан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Дархан Қамашев
2.Жасұлан Пайдин
3.Нұрлыбек Жүлекенов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Достарым бар білектіде белді,

Жабыққанда жанға демеу берді.

Әнге қосып шырқаймын мен сені,

Келші досым тарқатайық шерді.

Достарым көп маған тіреу болар.

Достарым көп үйге келіп қонар.

Дұшпаным жоқ олар алшақ менен,

Адал досым көптігінен болар.

 

Қайырмасы:

Дос дегенің жоқ қой қазір дейді,

Шын достықты жоққа қалай қиды.

Айбыныңмен абыройың асар,

Дос көңілі доспен ғана сыйлы.

Дос дегенің жоқ қой қазір дейді,

Айтатындар айта берсін мейлі.

Байлықпен басқаменен емес,

Достарменен толтырайық үйді.

 

Достарменен жие-жие табыс,

Мықты болсаң досы көппен жарыс.

Досы көпті жау алмайды дейді,

Оларменен барар жолың алыс.

Дос дегенде көңіл шіркін кернеп,

Сен олармен биіктейсің өрлеп.

Бар мұңыңды көңіліңді басар,

Сағынышпен кездескенде шөлдеп.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика