MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Менің жаным
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№19, 10 желтоқсан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Анарбек Қозбақов
2.Гүлбақыт Қасен
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Менің жаным – гүлдей нәзік,

Гүлдей нәзік үлбірер.

Нәзіктікпен өмір сырын,

Әлемді ұғып үлгірер.

                     

Менің жаным – күндей жарық,

Күндей жарық арайлы.

Арай тұнған жанарыма,

Ай ұрланып қарайды.

 

Менің жаным – айдай нұрлы,

Айдай нұрлы әдемі.

Әдемі, әсем тербеледі,

Сағыныштың әндері.

 

Менің жаным – сарша тамыз,

Сарша тамыз күйдірер,

Күйіп-жанған сезім оттай –

Ғашық жанды сүйдірер.

 

Менің жаным – ақша қардай,

Ақша қардай, ақ тұман.

Жыр әлемге еніп барам,

Бесігіне бақ тұнған.

 

Менің жаным – алуа жыр,

Алуа жыр балдайын.

Бал-шырынмен уызданған,

Уызына қанбаймын.

 

Менің жаным – сенің жаның,

Сөнбес менің жалыным.

Бар әлемге нұр төгейін – 

Шуақ сыйла, жарығым!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика