№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлзия Тәжіханқызы | |||
2. | Омархан Алтынбек |
Телефоның өшірулі, үнсізсің,
Кешірмедің.
Өкпелісің, кім білсін...
Қосшы, жаным, есітейін даусыңды,
Аспанымда бұлт сейіліп, күн күлсін.
Қайырмасы:
– Алло? Алло?
Желіден тыс аймақта.
Менің жаным, жүрсің екен қай жақта?
Алло деген дауысыңды естиін,
Содан кейін мазаламаймын бейуақта.
Айтқан едің боламын деп мен сіздік,
Балап едім мен ерлікке, көзсіздік.
Енді қалай сеніменен тілдесем?
– Алло? Алло?
Телефонда үнсіздік...
Қайырмасы
Үзілмесін арадағы сезім – сым,
Маған деген ілтипатың сезілсін.
Саған қарай жыр кептерін ұшырдым,
Менің жалғыз іздегенім – өзіңсің.
Қайырмасы