№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Бақытты бол деп, – жайдары менің желегім,
Сүрінбеші, деп анашым, әркез жебедің.
Алладан сұрап, тілеуші едің амандық,
Ана болғанда, түсіндім мұның себебін.
Ана үміті – адастырмайды сенемін,
Ниетіңізді ақ батаңыздан көремін.
Сеніміңізді ақтауға әркез тырысып,
Жүрек ішінде өзіңді сақтап келемін.
Қайырмасы:
Анашым, анашым, анашым, анашым,
Жүрек ішінде өзіңді сақтап келемін!
Жайқалып өскен, шынарға мені теңедің,
Пейілің дарқан, анашым, неткен кең едің?!
Жастық шағыңды есіңе салып жүрдім бе?
Биіктен көрін! – деп мені ылғи демедің.
Ықыласың бөлек болатын, маған дегенде,
Алғысымды апа-ау, сыр етіп төктім өлеңге.
Ерекше жақсы көретін қызың бүгінде,
Бақытты өмір сүріп жүр мына әлемде!
Қайырмасы:
Анашым, анашым, анашым, анашым,
Бақытты өмір сүріп жүрмін мен әлемде!