№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Несібелі Шайдазымова |
Ауылым, алтын бесік Балдысуым,
Жап-жасыл, жайқалған шөп, шалғын нуың,
Қыдырып, келсеңіздер, осы ауылға,
Көресіз табиғаттың сұлулығын.
Қайырмасы:
Суын-ай, бұлағының дәмі балдай,
Шіркін-ай бұл өлкенің сәні қандай!?
Ақ көңіл адамдары, дархан пейіл,
Күтетін қонақ келсе, жаны қалмай.
Мыңжылқы, Дегересім, Келіншектау,
Тәрк еткен жаудан келген шабуылды-ау.
Аңыздың қатпары бар қойнауында,
Мүлгиді сыр шерткендей қарт Қаратау.
Қайырмасы
Балдысу, дегендей-ақ суың тәтті,
Өзіңмен өткізсем ғой әрбір сәтті.
Бабамыз Асан қайғы біліп берген,
Өзіңе жарасатын ғажап атты.
Қайырмасы
Балдысу, Қарабұлақ елді мекен,
Шіркін-ай пейіштей бір өлке екен.
Жер бетін шыр айналып іздегенмен,
Табам ба дəл осындай көркем мекен?!
Қайырмасы