№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Күлкі сыйлар кейпі бар тұрпатында,
Керек емес оған еш рұқсатың да!
Елге әйгілі комик Чарльз Чаплин,
Былай депті өзінің сұхбатында!
Бала кезде бір күні әкем мені,
Қалды есімде циркке әкелгені.
Алты бала қуанып кезекте тұр,
Ата-анасы жүр билет әпергелі.
Қалды бір сәт ата-ана аңғарылып,
Балалардың көзінде жанған үміт.
Билет құнын көтермей қалталары,
Бұл отбасы қалған-ды аңтарылып.
Әкем сонда жақындап қастарына,
Жиырма доллар елеусіз тастады да.
– Ақшаң түсіп қалыпты мырза, – деді,
Одан басқа жоқ еді ақшасы да.
Мәрттік жатты әкемнің қадамында,
Мейірімге бұл істі баладым да.
Алғыс айтқан байқадым әлгі адамның,
Мөлтілдеген жас тұрды жанарына.
Бұйырар бақ шын тілеп сый күткенге.
Ұқтым мұны санамен, түйсікпен де.
Әкем қойған бір сәттік бұл көрініс,
Қымбат болды мен үшін цирктенде!