№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Омархан Алтынбек |
Таусылғандай болды ма, төзім менде,
Сырласуым азайды өзіңмен де.
Мен өзіңді, өзгеше қызғанамын,
Өзге түгіл, жаным-ау өзімнен де.
Сен өзіңе білемін сенімдісің,
Қызғаныштан таусылар жігер күшім.
Бөгде жанның қасынан сені көрсем.
От боп жанып, өртеніп күйеді ішім.
Ия жаным, қызғанып күйеді ішім.
Мен сияқты сен мені сүйемісің?!
Тағдыр маған сені әкеп табыстырды,
Бірақ жаным сен соны білемісің?!
Іңкәр жүрек кінәлі емес оған,
Тағдырын тәрк етеді ғашық адам.
Сондықтан қызғанамын мен өзіңді,
Қалаймын болсаңшы сен менің музам!