№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Құрбыларым, бірге өскен жас шақта,
Жүрміз қазір, ғұмыр кешіп алшақта.
Көз алдымда сол балалық шақтарым,
Жетпістегі әже болып қалсақ та.
Қайырмасы:
Ұмытпаймын бәріңді де құрбылар,
Естеліктер, кеудемдегі сыр-тұмар!
Құрбыларым, өздеріңді сағынсам,
Жүрегіме әуелеген жыр тұнар!
Кездестірді бізді Ақтөбе қаласы,
Тату болды студенттер арасы,
Диплом алып, шартарапқа тарқадық,
Мекен болып қазақтың кең даласы.
Қайырмасы
Жанұялы, үйлі-күйлі болғанда,
Кездестік біз, мейірімді жандарға.
Тағдырыма ризамын, мың алғыс,
Мәңгі болсын, сыйластық бұл жалғанда!
Қайырмасы