№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айзада Бекенқызы | |||
2. | Марита Қабижанқызы |
Қалды көңіл бір емес, бірнеше рет,
Неге деген сұрақты қоймашы тек.
Жасандылық жоқ менде, соны білем,
Саған деген сезімде болмаған шек.
Қайырмасы:
Білмеппін мен бұрында шын сүюді,
Махаббаттың шоғына мың күюді.
Бір сәт сені ойымнан алып тастау,
Қыйын маған, үйретпе ес жыюды.
Көз жастарын көл қылған жігіттердің,
Өтемі үшін, сен бәлкім, маған келдің.
Жылай бер жан дүнием, жылатқанның –
Боларына қайтымы, кәміл сендім.
Қайырмасы
Құдіреттің сынағын көтерейін,
Көтермеске амал жоқ, не істейін?
Махаббаттың барына көзім жетіп,
Сезінгенім үшін мен, шүкір дейін!
Қайырмасы