№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айтақын Бұлғақов | |||
2. | Мұратхан Егінбаев |
Көңілінің сейілте алмай мұнарын,
Сағыныштың тарқата алмай құмарын.
Толған айдай толықсыған айдында,
Сыңсиды аққу іздеуменен сыңарын.
Бұл жалғыздық айтшы кімге жарасқан,
Жұбың қайда жаным бір деп санасқан.
Тағдырымыз ұқсас екен киелім,
Ақ періште ашық күнде адасқан.
Қайырмасы:
Сыңарын аңсап,
Сыңсиды аққу.
Айдында ән сап,
Га-га-гай гәкку.
Көлде жүр жалғыз,
Арманды аққу.
Га-га-гай гәкку
Әги-гай аққу.
Шерлі жүрек шерменде боп зарлаған,
Шыр айналып шалқар көлді шарлаған.
Сен айдында мен жағада үндесіп,
Көңілдері жұбатады арман ән.
Шеріміздің шертпе күйі шертілді,
Бетке алып Ертіс пенен Есілді.
Екі жарты бір бүтін боп көрейік,
Домбыраның қос ішегі секілді.
Қайырмасы