MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Ақ кимешек жоғалмайды
Әннің атауы
Әннің атауы:
Ақ кимешек жоғалмайды
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№20, 26 желтоқсан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Салт-дәстүрдің қалмады сыры ашылмай,

Өз жұртыңның сақталды құны асылдай.

Мұқағали жырлаған ақ кимешек,

Ақ әжемнің сарқылмас мұрасындай.

Қуат алып жазира даламыздан,

Күзетуге дәстүрді саламыз жан.

Аман жетсін ұрпаққа ақ кимешек,

Бізге жеткен аманат бабамыздан!

 

Қайырмасы:

Аналардың дәстүрмен жаны бірге,

Өзгерген жоқ бұрынғы хәлі мүлде.

Ақ самайын жасырған кимешекті,

Ұмытпады әжелер әлі күнге!

 

Ұлағатты ұғымның пәк күшіндей,

Сақтай білдік ұятқа дақ түсірмей.

Әжелердің қазір де, ар-намысы,

Кимешектің болып тұр ақ түсіндей.

Ізет кетсе ұлтымнан болар қайғы,

Басқа тәлім бізге үлгі бола алмайды.

Уайымдама О, Мұқа қазақ барда,

Әжең киген кимешек жоғалмайды!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика