MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Анама
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№20, 26 желтоқсан 2022 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айгүл Жұмаділ
2.Анарбек Қозбақов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ақ анашым, алтын арай шұғылам,

Шұғылаңа шомыламын, жылынам.

Жерім ұйық, əлем жарық сен барда

Терезем тең, бүтін менің құбылам.

 

Қайырмасы:

Өзің барда бойым биік, еңселі,

Мендегі жан – жүрегіңнің бөлшегі.

Сондықтан да бала махаббатымның

Болмақ емес шегі, ешбір өлшемі!

 

Түнім тыныш, күнім бейбіт, жұмағым,

Шыңым да өзің, шыным осы, шынарым!

Сүт аңқыған омырауыңның жұпарын,

Бір иіскесем қанады бар құмарым.

 

Қайырмасы

 

Табынамын дəл өзіңнен таппай мін,

Өзің барда, көзің барда жоқ қайғым.

Өмір бердің, өміріме нəр болған

Ақ сүтіңді қалай ғана ақтаймын?!

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика