№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Айдын Мұхаметжан | |||
2. | Қанат Ибрагимов |
Ызғарлы дала, мұздады бала,
Тұрғандай жылап, түзде ана,
Мұңлы қала, мұңлы қала.
Төкседе аспан қарын,
Басылмай отты жалын,
Желтоқсан төкті зарын.
Қайырмасы:
Жалған жала,
Қанды дала,
Желтоқсанда,
Зарлады ана.
Жүрегіңде,
Ащы нала,
Қайран ана,
Қайран ана.
Қабағын түйіп, аязы сүйіп,
Кетпеді мұңлы, іштен күйік,
Бізді қиып, бізді қиып.
Есімде суық желің,
Сол жылы сенде, менің,
Желтоқсан кетті кегім.
Қайырмасы
Бұзылды жүйе, жағылды күйе,
Жат елден келіп, таққа ие,
Қашты кие, қашты кие.
Қан тамған әппақ қарға,
Өшпеді бізден таңба,
Желтоқсан салған жанға.
Қайырмасы