№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Болатқали Төлебаев | |||
2. | Қуаныш Кисметов |
Таудың суын тосып аққан,
Көк теңізге жосып аққан,
Маңғазданып қатар жатқан,
Қос құрлықты қосып аққан,
Талай қырды асып аққан,
Мамыр айда тасып аққан,
Су тасыса, толқып, шалқып,
Су тартылса, жасып аққан,
Қайырмасы:
Ақ Жайығым – ақ ардағым,
Артық өзен таба алмадым.
Жүрегімде тұрасың сен,
Ақ Жайығым – ақ арманым!
Көздеріме сыймайтұғын,
Өзгелерге қимайтұғын,
Қос құрлықты арнаң қосып,
Ортақ бақыт сыйлайтұғын,
Тасымасаң қуаратын,
Шөл даланы суаратын.
Әппақ қарда ізі қалып,
Сұлу қыздар су алатын,
Қайырмасы
Көктем, қыс, жаз, күзін көрген,
Киік кезген түзін көрген,
Төлегенді ғашық қылған,
Қыз Жібектің жүзін көрген,
Сезім толқып, мың арнадан,
Жігіт қызға сыр арнаған.
Донеділі әнге қосып,
Талай ақын жыр арнаған.
Қайырмасы