MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Бауырлар
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№21, 11 қаңтар 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Бақытжан Еламанов
2.Дайрабай Үсіпбаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Бақытты,

Бауырмыз таусылмаған арманы,

Бірлігі-сүйеніші, қорғаны.

Бөленсең абыройға, алғысқа,

Басыңа бақыт құсы қонғаны.

Бақытты,

Бауырмыз бірлігіміз жарасқан,

Талабы таумен бірге таласқан.

Сыйластық, ізгіліктің куәсі,

Көктегі ай мен жұлдыз, көк аспан.

     

Қайырмасы:

Бауырлар,

Бауырмыз бір әкеден жаралған,

Ананың ақ сүтінен нәр алған.

Шыңдарға жетелесін жолдарың,

Киелі шаңырақтан таралған.

Бауырлар,

Бауырмыз армандаған анашым,

Жанашыр, қамқоршысың, дарасың.

Жүрегің толы болсын мейірімге,

Жалғаған туыстықтың арасын.

 

Бақытты,

Бауырмыз тілегіміз үндескен,

Өмірдің өлшемімен күн кешкен.

Өмірдің бар қызығы сыйласып,

Қауышып бір-бірімен тілдескен.

Бақытты,

Бауырмыз ажырамас іргеміз,

Күн сайын жүрмесек те бірге біз.

Бір-бірін іздеп тұрар сағынып,

Жүректің жылуымен біргеміз.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика