№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Жансая Мусина | |||
2. | Қуаныш Кисметов |
Бақыттың таңын атырдық,
Сезімнің шамын жақтырдық.
Қос аққу айдын көлдегі,
Екеуміз шаңырақ құрдық.
Қайырмасы:
Қуанышым көңілдегі,
Жыр – әнімсің өмірдегі.
Сыңарымсың қасымдагы,
Қыранымсың көгімдегі.
Раушан гүлім қолымдағы,
Жұбым тағдыр жолындағы.
Адалдықпен пәк махаббат,
Жанұямда соның бәрі.
Біз бақыттымыз!
Жайнаған гүлміз бәріміз,
Аспанның жұлдыздары – біз.
Жайқалып өсіп келеді,
Тәп-тәтті ұл-қыздарымыз.
Қайырмасы
Тірлікте соңында бәрі,
Адаспай жолын табады.
Жан-жарым, біз бірге жүрсек,
Армандар орындалады!
Қайырмасы