MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Бұл – Абай облысы
Әннің атауы
Әннің атауы:
Бұл – Абай облысы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№21, 11 қаңтар 2023 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Кентау Назарбек
2.Төлеген Жанғалиев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Сапырған өнер құтын,

Семейім, сері Ертісім.

Көркейген көңілімді,

Көзімнен көрермісің?!

Дарытқан даналығын,

Хан Шыңғыс, Қарауылым.

Ғасырдан ғасыр жасап,

Өлмейтін сен абызым.

Ақсуат – асыл елім,

Ағытқан ақыл кенін.

Ырғызбай баба қолдап,

Ырғалып жатыр жерің.

Аягөз – шуақ мекен,

Артық па, жұмақ десем?!

Өзіңе келген сайын,

Өлмейтін жыр ап кетем.

 

Қайырмасы:

Бір үйдің баласындай,

Бір өзен сағасындай

Біреуі іні болса,

Біреуі ағасындай.

Бұл Абай облысы,

Алашқа дара шыңдай.

Арайлап атқан таңы,

Абайым дәл осындай.

 

Жан-жаққа шашқан арай,

Жаннатым – Бесқарағай.

Жаныңнан өте алмайды,

Бір адам жалт қарамай.

Қалбатау – қалың елім,

Жарма мен Шарым едің.

Зере әже әлдиіндей,

Зердемді жанып едің.

Қайнарым, Абыралым,

Шалқыған шаңырағым

Әміре әндеріндей,

Өзіңді сағынамын.

Көкпектім - көшелі елім,

Көшімді жетеледің.

Жуасы жусап өскен,

Жусан мен бетегелім.

 

Қайырмасы

 

Атомның аймағы едің,

Атуды қойған едің.

Дертімдей Дегелеңім

Келеді жайнап елің.

Аямай адал асын,

Ойламай қара  басын.

Аштықтан сақтап қалған,

Ардақтым, Белағашым

Алакөл – туған айым,

Арудай – Үржар-айым,

Суыңа дертке дауа,

Шомылып  нұрланайын?!

Мақаншым, Шұбартауым,

Биіктер  шығар тауың.

Көрінер көзімізге,

Көк тіреп тұрар шағың.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика