№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы | |||
2. | Оралбай Сатуов |
Әлі есімде. Жас едің, нәзік едің,
Майысатын жүргенде қыпша белің.
Сыныптағы ең сұлу әппақ қызға,
Асық едім, мен бала ғашық едім.
Жалт қараушы ең, күйдіріп кездескенде,
Жақындаушы ем өзіңе тездеп мен де.
Жаныңдағы қыздан да қызғанушы ем,
Жақын тұрып сенімен сөйлескенге.
Қайырмасы:
Бір болуды жазбапты қатал тағдыр,
Адастырды ақ боран, қата қалғыр!
Өмір өтті. Өксіген сезім қалды,
Махаббатым, жүректе – жап-жас албыр.
Жарым менің болашақ осы қыз деп,
Кеткенімде қалаға оқу іздеп,
Бірге еріп менімен шығып едің,
Бірақ, әттең, кеш қалып опындым тек.
Жас болдым ғой ол кезде, жоқ ақылым,
Сезбеппін, сезімнің солатынын.
Қол ұстасып басқамен кете бардың,
Лаулап жанған сезімім солды ақырын.
Қайырмасы