№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Баршын Ізбасар | |||
2. | Бауыржан Смағұлов |
Бұл жүректің бола алар жиі емі,
Жанға жайлы жақсы сөз ғой киелі.
Аямаңдар сұлу сөзді әйелден,
Әйел деген құлағымен сүйеді.
Әйелде бар мейірім де, жұмақ та,
Әйелде бар өшпес қырық шырақ та.
Биік болсын десең әркез мәртебең,
Әйелді сүй, еркелет тек жылатпа.
Әйелде бар саған керек көркем үн,
Әйел деген болашағың, ертеңің.
Қиялына ерік берсең аздаған,
Әйел деген таңғажайып ертегің.
Әйелді ұғу ең қиын іс білемін,
Түсінуге тырыс, тыңда жүрегін.
Сүрінгенде сынағында өмірдің,
Әйел сенің қамқоршың да, тірегің.
Әйелсіз таң, атпас, келмес кешің де,
Әйел жоқта алға жүрмес көшің де.
Әйел деген махаббат қой толассыз,
Шамаң келсе махаббатты өшірме.
Әйел сенің ізгілігің, мұратың,
Әйел сенің сарқылмайтын қуатың.
Әйелді сүй, сезімдерін бағала,
Жанарыңда сұлулық боп тұратын.